Маңғыстау облысының әкімі Президентке есеп берді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
12.12.2022 18:00
1197
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.
Сонымен қатар облыстағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, инвестиция тарту, мал азығын әзірлеу және тағы басқа мәселелер жөнінде мәлімет берілді.
Нұрлан Ноғаев Президенттің Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары облысты дамытудың кешенді жоспарына енгізілгенін жеткізді.
Мемлекет басшысы жылды жоспарға сәйкес қорытындылауды тапсырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президент Қазақстанның Грузиядағы елшісін қабылдады
Келесі жаңалық
Жарты жылда 6,1 млн тонна дәнді дақыл экспортталды