Маңғыстау облысында жасөспірім суға батып кетті

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
02.06.2023 13:30
950
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында 16 жастағы жасөспірім суға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған оқиға 1 маусымда сағат 16:50-да болған.
Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында арнайы жабдықталмаған теңіз аумағында шомылған 2007 жылғы жасөспірім суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 19:05-те құтқарушылар келгенге дейін туыстары суға батқан жігіттің денесін алып шықты,- деді Түпқараған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шаштараз табысты мамандық па? Кәсіп иесінің бір күні
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды