Жаңалықтар

Маңғыстау облысында тегін сушиге таласқан адамдар бір-бірін таптап кете жаздады

Маңғыстау облысында тегін сушиге таласқан адамдар бір-бірін таптап кете жаздады
Фото: Видеодан скрин 12.02.2025 22:00 128

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ұйымдастырылған тегін тамақ тарату акциясына адамдар көптеп жиналып, бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде Қызылтөбе-2 ауылында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрдан адамдардың тегін донер мен суши үшін бір-бірін таптап кете жаздағанын көруге болады.

Ауыл тұрғындарын тыныштандыру және тәртіпке шақыру үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері де барған. Оқиға орнына жеткен полицейлер жиналғандарды тыныштандыру үшін дауыс зорайтқышты қолдануға мәжбүр болды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады. Мекеме иесі адамдардың осыншалықты көп жиналатынын және оның салдары болатынын күтпегенін айтқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға