Жаңалықтар

Маңғыстау облысында креативті кәсіпкерлік негіздерін оқыту басталды

Маңғыстау облысында креативті кәсіпкерлік негіздерін оқыту басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 06.09.2024 02:36 389

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Маңғыстау облысының жастары үшін кәсіпкерлік қабілетті және креативті стартаптарды дамыту бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бастама Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мақсатында БҰҰДБ-ның қоғамдастықтардың тұрақтылығын нығайту бойынша жобасының аясында іске асырылып жатыр.

Бағдарлама аясында Ақтау, Жаңаөзен және Бейнеу тұрғындарынан 150 адам оқытылады. Олардың ішінде креаторлар, өз қызметін шығармашылық бизнеспен байланыстыруды жоспарлап отырғандар да бар. Бір айлық бағдарлама бизнес-жоспарларды әзірлеу, идеяларды таныстыру, бизнесті жоспарлау, цифрлық маркетинг, қаржыны басқару, зияткерлік меншікті қорғау, сондай-ақ шығармашылық индустрияларға технологиялар мен инновацияларды енгізу сияқты тақырыптарды қамтиды.

Министрліктің мәліметінше, оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар қазылар алқасы мен инвесторларға өздерінің стартаптары мен қолданыстағы бизнес-бастамаларды дамыту бағдарламаларын ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға