Маңғыстау облысында көлік жүргізушісі бекіремен ұсталды

Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
17.09.2023 13:51
945
Маңғыстау облысында "Жалдамалы" жедел-алдын алу іс-шаралары кезінде Қарақия ауданының полиция қызметкерлерімен бірлескен жұмыс барысында жол бойынна тоқтатылған "Нива" маркалы автокөлігінен бірнеше бекіре балығы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Көлікті тінту кезінде заңсыз ауланған сегіз дана бекіре балығы тәркіленіп отыр.
Полиция қызметкерлері 54 жастағы күдіктінің жеке басына қатысты бірнеше деректі анықтады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ал бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда шетелдік дипломаттар сенбілік жасады
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді