Маңғыстау облысында итбалықтар вирустан қырылған
Былтыр күзде Маңғыстаудың Түпқараған және Қарақия аудандары аумағындағы теңіз жағалауынан екі мыңға жуық өлі итбалық табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Nege.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы микробиология және вирусология ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырманов итбалықтардың вирустан қырылғанын хабарлады.
Алматыдағы ғылыми орталықтың қызметкерлері молекулярлық-генетикалық талдау жүргізіп, жануарлардың миы мен өкпе тіндерінен жаңа вирустық жұқпалы ауру тапқан.
Сынамалардың барлығында вирус болды. Бұл - вирустық нейроинфекция. Ал енді оның жануардың миынан табылғаны осы аурудың бірден бір себебі - вирус екенін дәлелдейді, – дейді орталықтың вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі Айдын Қыдырманов.
Маманның айтуынша, бұл вирус иммундық жетіспеушіліктен болады. Ғылымда әлі толық сипатталмаған, анықталмаған дерт. Теңіз сүт қоректілеріне тән вирустық инфекция.