Маңғыстау облысында бір мектепті екі қыз бала бітірді

Фото: instagram.com/mangystaumedia.kz
Фото: instagram.com/mangystaumedia.kz
02.06.2023 09:27
1566
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Сарға ауылында мектеп-интернатын екі-ақ түлек бітірді. Бұл туралы mangystaumedia.kz парақшасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ауылда ауылда екі мектеп бар. Оның бірі 350-ден астам оқушы білім алатын Ә.Жангелдин атындағы мектеп болса, екіншісі – Бейнеу мектеп-интернаты. Онда оқушылар саны тек 100-ден асады. Осы мектеп-интернатты биыл екі қыз бала ғана тәмамдаған.
Бұған дейін бұл сыныпта көрші ауылдан екі ер бала келіп оқыған, алайда 11-сыныпқа көшетін уақытта олар кетіп қалған. Мектеп басшысының айтуынша, көбі жақын маңдағы ауылдар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Илон Маск Twitter атауын өзгертпек