Жаңалықтар

Маңғыстау облысына Құлсары қаласынан 8738 адам эвакуацияланды

Маңғыстау облысына Құлсары қаласынан 8738 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ 06.04.2024 16:20 993

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам, оның ішінде 5500-ге жуық бала эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 уақытша орналастыру пункттеріне 1641 адам, оның ішінде 741 бала эвакуацияланды. 12000-нан астам адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Маңғыстау облысы ТЖД және ЖАО күштерімен сыйымдылығы 83000-нан астам адамды құрайтын 201 халықты уақытша орналастыру пункттері дайындыққа келтірілді. Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Облыс бойынша барлығы 201 уақытша орналастыру пункті эвакуацияланған халықты қабылдауға дайын, пункттер 83042 адамды қабылдай алады.

Маңғыстау су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарын қабылдауды жалғастыруда.

Бұған дейін ақпараттық қолдау көрсету және тәулік бойы көмек көрсету үшін "жедел желі" телефондары жұмыс істейтіні хабарланған болатын: 
701-707 және 701-708.

Бейнеу ауданы бойынша: 
8(72932) 2-20-41
8(72932) 2-54-23.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға