Жаңалықтар

Маңғыстау облысына қанша және қайдан автокөлік импортталды

Маңғыстау облысына қанша және қайдан автокөлік импортталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Kandinsky 19.02.2024 15:50 916

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтау – Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті 2023 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасына Маңғыстау облысы арқылы «Ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімі (ИМ 40 режимі) бойынша 24334 жеңіл автомобиль (СЭҚ ТН коды 8703) импортталғанын хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көліктердің жалпы құны 414 млн АҚШ доллары құрады және 56,3 млрд теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар төленді.

Негізінен автомобильдер 3 елден әкелінді: Біріккен Араб Әмірліктерінен – 15812 дана (65,0%), Грузиядан – 7565 дана (31,1%), Әзербайжаннан – 501 дана (2,1%).

Кедендік рәсімдеу кезінде автомобильдің бағасы көрсетіледі. Автокөлік құралдарының бағасы туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған, ол қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.

Ол ұсынымдық сипаттағы ақпарат ретінде ұсынылады. Кеден заңнамасында кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген. Мысалы, егер әкелінетін автокөліктің бағасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Баға ақпаратынан айтарлықтай өзгеше болса, тасымалдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

- өндірушінің немесе автодилердің бағалар тізімі, оның коммерциялық ұсыныстары;
- импорттық, бірдей, біртекті тауарларды, сондай-ақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарларды сатушылардың оферталарымен коммерциялық ұсыныстар;
- сатушының сатып алушыға жеңілдіктер беруінің негіздері мен шарттары бойынша түсініктемелер. Сатушыдан жеңілдік берілгені және бастапқы құнынан қандай мөлшерде екендігі туралы анықтама.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға