Жаңалықтар

Маңғыстау облысы әкімдігі 7 млн теңгеге дәретхана қағазын не үшін алғаны анықталды

Маңғыстау облысы әкімдігі 7 млн теңгеге дәретхана қағазын не үшін алғаны анықталды
Фото: © Pixabay.com 06.09.2023 14:42 984

Маңғыстау облысының әкімдігі дәретхана қағазын сатып алуға 7 млн теңгеден астам қаражат бөлгені туралы ақпарат таралған еді. Облыстық әкімдік бұл жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы дәретхана қағазын сатып алуға 7 024 609 теңге бөлген. Тендер жеңімпазы 2023 жылғы 19 қаңтарда анықталды. Бұл сомаға 11 570 қаптама сатып алынған. Ал әрқайсының құны 607 теңге екен.

Техникалық тапсырмаға сәйкес, тендер жеңімпазы әр 30 күн сайын 1157 дана (12 орам) дәретхана қағазын жеткізуге міндетті. Нәтижесінде, Маңғыстау облысының әкімдігі айына 13 884 орам қағаз немесе күніне 694 орам қағаз алады (20 жұмыс күнін негізге ала отырып). Әр орамның ұзындығы 150 метр. Бұл облыс әкімдігінің қызметкерлері үшін күніне 104,1 мың метр дәретхана қағазы боп шығады. 

Әкімдік өкілі шенеуніктерге сонша дәретхана қағазы неге керек екенін түсіндірді. Облыс әкімдігі мәліметінше, бұл көлем тек олардың қызметкерлеріне емес, сонымен қатар, келушілерге, жергілікті, атқарушы және мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне де арналған.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасының негізгі мақсаты - мемлекеттік мүлікті пайдалану және күтіп ұстау, жергілікті, атқарушы және мемлекеттік органдарды, оның ішінде облыс әкімдігінің ғимараттарында орналасқан мекемелерді, сондай-ақ, облыстық мәслихаттың, неке сарайының, қала әкімдігінің, Достық үйінің, статистика басқармасының және облыстық жиналыс пунктін шаруашылық тауарларымен жабдықтау жөніндегі функцияларын орындау. Айтылған ғимараттарда орналасқан мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын дәретхана қағазы мен басқа да заттар сатып алынады, - деп түсіндірді облыс әкімдігі өкілі.

Әкімдік өкілі бұл ғимараттарда 1300 қызметкер бар екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға