Жаңалықтар

Маңғыстау облыстық прокуратурасы су тарифінің негізсіз көтерілгенін анықтады

Маңғыстау облыстық прокуратурасы су тарифінің негізсіз көтерілгенін анықтады
Фото: gov.kz 16.01.2025 20:10 119

Облыс прокуратурасы су тарифін белгілеу кезінде заңнама талаптарының сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы бір текше метр үшін 70 теңгеден негізсіз 120 теңгеге ұлғайтылған.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы наразылық түрінде прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Қарау нәтижесінде мәслихат шешімінің күші жойылып, бір текше метрге сомманы 120-дан 70 теңгеге дейін түсіру туралы жаңа шешім қабылдады, осылайша ауылдық елді мекендердің 73 мың абоненттің құқықтары қорғалды, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға