Жаңалықтар

Маңғыстау әкімі ҰОС ардагері мен еңбек сіңірген педагогты құттықтады

Маңғыстау әкімі ҰОС ардагері мен еңбек сіңірген педагогты құттықтады
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 01.03.2024 23:32 936

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Алғыс айту күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Зарявняк пен өңірдің еңбек сіңірген ұстазы Нұрсұлу Дүйсенбаеваны арнайы құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрлан Ноғаев алдымен Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Зарявнякқа қонақ болды. Ол биыл 96 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Менің ойымша, бар байлық - құнды сыйлықтарда емес, көңіл бөлуде. Өз ұрпақтарына мұра ретінде із қалдырған маңызды. Сондықтан біздей тұлғаларды ұмытпай, жадында сақтағаны жаныңа жылулық ұялатады. Қан майданды бастан өткергендіктен, ең бастысы - ашық аспан мен бейбітшілік екенін түсінемін, - деді Ольга Зарявняк.

Айта кетейік, ҰОС ардагері 1927 жылы дүниеге келген. Соғыс басталғанда небәрі 14 жаста болған. Ол өзінің жасына қарамастан, туған қаласында партизан отрядында қызмет еткен. Ольга Платоновна маңызды ақпараттар тасып, жараланған сарбаздарға көмек көрсеткен. «Украинаның фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 60 жыл», «ҰОС 60 жылдығы», «ҰОС 65 жылдығы», «Отан қорғаушыға», «Нацизмді жеңгенге 70 жыл», «Азат етуші ардагер», «Соғыс ардагері» атты мерейтойлық медальдары бар. «Ерлігі үшін» және «Ұлы Жеңістің 65 жылдығы»ордендерін иемедеген.

Аймақ басшысы бұдан кейін педагогика саласындағы еңбек ардагері, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болған Нұрсұлу Дүйсенбаевтың үйіне барды. Зейнеткер бірнеше жылдар бойы Қызылсай ауылында және Жаңаөзен қаласында алғашқы ұстаз болып танылып, ерекше балаларға сабақ берген.

Естеліктерімді көз алдыма ұялатып, осындай мүмкіндік сыйлағандарыңа алғысым шексіз. Менің бар ғұмырым білім ордасында өтті. Соның ішінде, есту және көру қабілеті жоқ баларға сабақ бердім. Осы алғыс айту күнінде, барша ұстаздарға және келешек ұрпақ үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін. Құттықтауларыңыз бен ізгі ниеттеріңіз үшін рахмет, - деді Нұрсұлу Дүйсенбаева.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұрсұлу Дүйсенбаева өмірінің 55 жылында оқушыларды білімге деген құштарлыққа шақырған. Бүгінде ол 17 немере мен шөберенің әжесі. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қосқан үлесі үшін  және білімге деген ынтасына мадақтама ретінде «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

2011 жылдан бастап Нұрсұлу Дүйсенбаева Жаңаөзен түзету мектеп-балабақшасында оқытушы болған.  

Өз сөзінде облыс әкімі Алғыс айту мерекесі тұрғынарға өзара ынтамақтастықты нығайту үшін ерекше мүмкіндік екенін атап өтті.

Атаулы мереке жасаған барша игі істеріміз бен жақсылықтарымызды еске түсіруге бірден-бір себеп. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгін біз мәдениетімізде терең тамыр жайған достық пен ерекше құндылықтарымызды атап өтеміз. Бұл құндылықтар өзара қарым-қатынасамызды нығайтып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Онымен қоса, еліміздің әрбір азаматының жауапкершілігі мол болуына үлес қосады. Барша Отандастарымызға зор денсаулық, бақыт пен амандық, тек үйлеріңізде жайлылық пен қуаныш болса деп тілеймін - деді Нұрлан Ноғаев.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға