Мәнерлеп сырғанау: Шайдоров Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
13.02.2025 19:02
636
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 246,01. Бұл нәтиже Шайдоровқа қола медаль әкелді.
Жарыста жеңіске Оңтүстік Корея спортшысы Ча Джун Хван жетті – 281,69 ұпай. Ал күміс жүлдені жапондық Юма Кагияма иеленді – 272,76 ұпай.
Диас Жиренбаев 186.18 ұпаймен тоғызыншы орын алды.
Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Азия ойындарында бұл спорт түрінен 2017 жылы медаль алған еді. Ол кезде Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдегер атанған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
300 мың азамат құқықтық сауаттылық негіздері бойынша білім алды
Келесі жаңалық
22 наурызға арналған ауа райы болжамы