Жаңалықтар

«Манчестер Ситидің» бас бапкері болашағына қатысты ойын айтты

«Манчестер Ситидің» бас бапкері болашағына қатысты ойын айтты
Фото: ©AP/Francisco SECO 12.06.2023 17:00 1029

«Манчестер Ситидің» бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола алдағы екі жылда өз қызметінен кететін ойы жоқ, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

The Times газетінің хабарлауынша, Гвардиола «қалалықтармен» келісімшарты аяқталғанға дейін жұмыс істеуге ниетті. Тараптардың келісімі 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Гвардиолаға Англиядан тыс жерден де ұсыныс түскенімен, испаниялық «Манчестер Ситиде» тағы екі жыл қалу туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Манчестер Сити» Англия чемпионатын, Англия кубогын және Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын. Осылайша Гвардиола требл жасады.

«Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола тарихта екі рет требль жасаған алғашқы бапкер болды (ол бірінші рет 2008/2009 маусымда «Барселонаны» осындай жетістікке жеткізген).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға