«Манчестер Сити» Англия кубогының финалында өнер көрсетеді

Фото: instagram.com/mancity
Фото: instagram.com/mancity
21.04.2024 08:28
844
«Манчестер Сити» Англия кубогының жартылай финалында «Челсиді» ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен кездесу «қалалықтардың» жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 84-минутта жартылай қорғаушы Бернарду Силва салды.
«Манчестер Сити» турнирдің финалына шықты. Хосеп Гвардиола шәкірттері финалда «Манчестер Юнайтед» пен «Ковентри Сити» арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Англия кубогының финалы 25 мамырда өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада алтыншы аудан пайда болуы мүмкін
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды