Мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 25 588 мәміле жасалған
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
10.06.2023 00:10
706
Тұрғын үй нарығында 2023 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 25 588 мәміле тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 445) мәміле саны 18,6%, ал былтырғы мамырмен салыстырғанда 16,1% азайған.
Осы ретте, бір айлық мәнде (2023 ж сәуірге қарағанда мамырда) тұрғын үй нарығындағы барлық сегментте баға өзгеріссіз қалса, бір жылда (2023 жылғы мамыр 2022 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 2,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 6% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы мамырда 26% артты, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға