Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
13.04.2025 10:09
480
Бұл ай 1 мамыр бейсенбі күнге тұспа тұс Қазақстан халқының бірлігі мерекесінен басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мамыр айында Қазақстанда үш мерекелік күн бар:
- 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні
- 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні
- 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні
Бұл - ресми түрде демалыс күндер.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша өндірістік күнтізбе келесідей болады:
- 1 мамыр, бейсенбі – мерекелік демалыс күні
- 2 мамыр, жұма – жұмыс күні
- 3 және 4 мамыр, сенбі және жексенбі – демалыс күндері
- 5 және 6 мамыр, дүйсенбі және сейсенбі – жұмыс күндері
- 7 мамыр, сәрсенбі – мерекелік демалыс күні
- 8 мамыр, бейсенбі – жұмыс күні
- 9 мамыр, жұма – мерекелік демалыс күні
- 10 және 11 мамыр, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
Осылайша, мамыр айында барлығы 12 демалыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін демалыс күндері азырақ, себебі сенбі – жұмыс күні.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ел оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді