Жаңалықтар

МӘМС жарнасының шекті мөлшері 4,5 миллион теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

МӘМС жарнасының шекті мөлшері 4,5 миллион теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
Фото: El.kz/Амангүл ТІЛЕЙЫЗЫ 22.08.2024 13:37 503

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтердің ауқымды деректерін есепке алу және талдау үшін цифрлық құралдарды енгізуде. Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов журналистерге Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысын таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек, елімізде 850 мың теңгеден көп жалақы алатын қызметкерлердің саны 500 мыңнан асады. Мәселен 850 мың теңге жалақы алатын бірінші қызметкер айына медициналық сақтандыруға табысының 2 пайызын, яғни 17 мың теңгесін төлейді. Ал айына 3 миллион теңге жалақы алатын екінші қызметкер де 17 мың теңге төлейді. Бақ өкілдері еңбек өтілі жоғары министрлер мен әкімдердің 1,2 миллион теңгеге дейін айлық алатынын, олар МӘМС жарнасына осы 1,2 миллион теңгенің 2 пайызын емес, 850 мың теңгенің 2 пайызын ғана төлейтінін айтып, қор басшысынан мұның қаншалықты әділетті екенін сұрады.

Әбілқарай Сқақовтың сөзінше, жалпы қазір министрлікте бұл мәселе қарастырылып жатыр.

МӘМС жарнасы азаматтың айлығы 850 мың теңгеден асса, оның үстінен төленбейді. Жалпы қазір денсаулық сақтау министрлігінде осы мәселе қарастырылып жатыр. Егер оны басқа мемлекеттік органдар қолдаса, бұл әділеттікке үлкен қадам болатын еді, – деді Сқақов.

Тілші: «850 мың теңгеден де жоғары жалақы алатындардың бар екені туралы бұған дейін де белгілі. Неге енді көтеріліп жатыр?», деп сұрады. Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов МӘМС туралы заң шыққан кезде бастапқы бетте қабылдаған шешім екенін және шектік мөлшерді 10 минималдық айлықтан 50 минималдыққа көтеру ұсынысы, яғни, 850 мың теңгеден 4,5 миллион теңгеге көтеру мәселесі қарастырылуда екенін айтты.

Медициналық сақтандыру қорын игерген емханаларға қандай шара қолданылады? 

МӘМС жарнасының шекті мөлшері 4,5 миллион теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

сурет: El/kz Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Медициналық сақтандыру қорын игерген емханалардың қызметі сапасыз немесе заң бұзса, олар айыппұл төлейді. Яғни, төленетін айыппұл айналып келгенде халықтың сақтандыру қорынан алынады. Өйткені емханалар сол ақшаны игереді. Айыппұлдың орнына лицензиядан айыру шарасын неге қолданбасқа?

Бұл да заңды түрде көзделген мәселе. Әртүрлі қателер немесе заң бұзушылықтар да әрқалай болады, сол себепті оны толығымен қарастыру керек. Бір емханаға 40-50 мың адам тіркелген болса, жылдың ішінде оны бірден лицензиядан айыру маңызды және өзекті. Бірден шешім қабылдамас бұрын заңды түрде қарастыру керек. Сот арқылы шешілетін мәселе немесе осы 40-50 мың адамды басқа емханаға тіркеу керек. Бұл мұқият қаралатын мәселе, – деді қор басшысы.

Чек-ап өтудің мүмкіндігі қандай?

Қор басшысы Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше, бұл бойынша тексерістен өтуде белгілі бір емханалар көзделген. Чек-ап көбінесе тегін медициналық көмек пакетінде және МӘМС жүйесінде де қарастырылған. Яғни, әйел адамдарының, соның ішінде сүт безі қатерлі ісігі сияқты тағы басқа қатерлі ауруларға тексеріс бар.

Жалпы медициналық чек-ап деген жүйеге қатысты тексерісті дәрігерлер шешеді. Алдымен сіздерді тексереді. Қандай зерттеулер, ұстанымдар қажет соның бәрін кешенді түрде қарастырып, өту-өтпеуі жөнінде шешімдер қабылдайды», – деді ол.

Қос басшысының айтуынша, МӘМС жүйесінің маңызды жетістіктерінің бірі – қаржыландырудың едәуір ұлғаюы. 2024 жылы медициналық көмекке бағытталған қаражат көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсіп, 2,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл бюджеттің 40%-дан астамын МӘМС түсімдерін құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға