Жаңалықтар

МӘМС-ті тоқтату: Сұлтанғазиев Зайытовтың талабына жауап берді

МӘМС-ті тоқтату: Сұлтанғазиев Зайытовтың талабына жауап берді
Фото: ҚР ДСМ / t.me/mazhilis_kz 07.09.2023 10:23 1089

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов өңірлерде МӘМС халыққа қолжетімсіздігін айтып, оны уақытша тоқтатуды талап еткен болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде ауылда денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған іс-шаралар қолға алынған.

Осы жылдан бастап ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша ұлттық жоба бекітілді. Оның негізгі мақсаты – ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жақсарту. Қазіргі уақытта 655 жоба бар, оларды 2023-24 жылдары салып, тиісінше қолжетімділік артады. Сонымен қатар 32 елді мекенде ауданаралық ауруханаларды жаңғырту көзделген, одан қалды сол ауруханаларды қосымша жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылған, - деді министр орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сұлтанғазиев МӘМС-ті тоқтату медициналық қызмет тізімі мен көлемін азайтуға әкеп соғады деп отыр.

2,5 трлн теңгенің 1 трлн теңгесі – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің көзінен алынған қаражат. Егер осы қаражаттың 400 млрд теңгесі мемлекеттік қаржыландыру болса, қалған 600 млрд теңгесі жұмыс істейтін азаматтардың, жұмыс берушілердің жарналары. Егер тоқтатсақ, онда 600 млрд теңгеге медициналық қызметтің тізімін немесе көлемін азайтуымыз қажет, - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға