Жаңалықтар

МӘМС арқылы қандай медициналық көмек алуға болады

МӘМС арқылы қандай медициналық көмек алуға болады
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 22.01.2024 02:26 718

Қазақстандық пациенттер үшін жыл сайын мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін мүмкіндіктер өрісі кеңеюде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

МӘМС жүйесін енгізумен көптеген күрделі қымбат араласулар барлық сақтандырылған азаматтарға қолжетімді болды.

Елімізде трансплантология, кардиохирургия, онкология, инновациялық жасушалық технологиялар саласында 80 жаңа технология енгізілді, олардың көмегімен 20 мыңға жуық адам емделді.

Мысалы, Ұлттық нейрохирургия орталығында ашылған сәттен бастап Гамма-пышақ аппаратымен 1133 операция, 2023 жылы 233 операция жасалды. Қалқанша безінің обыры кезінде радиоиодтерапиямен 1300-ден астам пациент емделді. Сүйек онкопатологиясы кезінде инновациялық 3-Д протездеу енгізілді, осындай 15 операция жасалды.

Бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана, химиотерапиямен ұштастыра отырып, шамамен 30 мың онкологиялық операция жасалды. Жыл сайын 12 мыңнан астам пациент сәулелік терапия (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT) алады.

Есту қабілеті нашар адамдарға дәрігерлер электромагниттік есту аппаратын тегін имплантаттады. Осындай 428 операцияның әрқайсысы орта есеппен 6,6 млн теңгені құрайды, олар МӘМС қаражаты есебінен жабылады.

Кардиохирургиялық орталық 2011 жылдан бастап жүректің жасанды сол жақ қарыншасына 492 имплантаттау, ал 2023 жылы – 40-тан астам операция жасады.

259 ағзаны трансплантаттау, 400 балаға гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантаттау жасалды, оның 66-сы 2023 жылы жүргізілді.

Республикада 38 мыңнан астам адамға көмек көрсеткен 79 инсульт орталығы жұмыс істейді. Жіті коронарлық синдром кезінде ел халқына мамандандырылған медициналық көмекті 44 коронарлық араласу орталығы көрсетеді, онда 33 мың пациент ем алды.

Жалпы, өткен жылы стационарларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру ем алуға және шамамен 3 млн. пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Биыл Астана қаласында Протон орталығы (Орталық Азиядағы бірінші) бар ұлттық онкология орталығының құрылысы аяқталуда.

Онкологиялық қызметті жаңғырту жөніндегі кешенді жоспардың шеңберінде 5 онкология орталығының құрылысы басталды, сондай-ақ қолданыстағы 2 объектіні қайта жаңарту, 6 объектіні күрделі жөндеу жүріп жатыр.

Инсульт, инфаркт жағдайында білікті жедел көмек көрсету үшін республикада тағы 6 II деңгейдегі инсульт орталығы және 4 ТКА-орталық ашылады. Сондай-ақ уақтылы көмек көрсету үшін бірыңғай консультациялық инсульт орталығын іске қосу жоспарлануда.

Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында аналар мен балаларға медициналық көмек көрсету үшін 12 заманауи перинаталдық орталық, өңірлерде 11 көп бейінді балалар стационарын салу, еліміздің 5 өңірінде «Пренаталдық диагностикаға арналған бір күндік клиника» пилоттық жобасын іске қосу көзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға