Жаңалықтар

Мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс?

Мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс?
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 26.05.2023 17:29 1321

Қазір жастардың мамандық таңдауын мектептен бастап енгізу дағдыға айналып барады. Мамандар бұл бастаманың не үшін керегін түсіндіріп те берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығының вице-президенті Бақытнұр Зиябеков қазіргі таңда жастардың білім алуы мен мамандық таңдаудағы бастамалардың маңыздылығы туралы айты.

Жазда мұғалімдер шығармашылыққа көбірек уақыт бөліп, демалуы керек. Әдістемесін күшейтіп, жазғы тамыз конференциясында өзінің ұсынысын берген дұрыс. Жазда ата-аналар балаларымен қыдырып, бірге уақыт өткізуі керек. 14 жастағы жасөспірімдер ата-аналарымен әңгімелескісі келмейді. Олар демалғысы, өздері ата-анасыз уақыт өткізгенді қалап тұрады. Біз жасөспірімдерді бір вакуумға салып қойғанды жөн көріп тұрамыз, - дейді Зиябеков.

Оның айтуынша, осы 14 жастан бастап әртүрлі мамандарға жүгінген дұрыс.

«Ал ата-ана балаға 7 жастан бастап шығармашылық пен қажырлы болуды үйретуі керек. Бізде көп жағдайда не шығармашылық, не тәртіпті үйрету болып кетеді. Бұл тәртіп спорт арқылы келуі мүмкін. Ал шығармашылық шахмат немесе сурет салу арқылы келуі мүмкін. Бізде көп жағдайда ата-ана мамандарға апарғысы келеді. Бірақ олар өзіндік үлгі арқылы баласын тәрбиелеуге тырысуы керек», - дейді маман.

Оның айтуынша, біздің қоғамда мектепке деген қарым-қатынас ата-анадан басталады.

Себебі көп ата-ана мектепте ештеңе үйретпей жатыр деп айтады. Ол арқылы балада да сондай пікір қалыптасады. Мектептерде оқушы мен мұғалімдерде қарым-қатынас бұзылып кеткен. Біз әлемдік тәжірибеден командада жұмыс істеуден артта қалып келеміз. Кез келген бала командада жұмыс істеп үйренуі керек. Мектепте сабақ беру барысында топтық жұмысты күшейту керек. Пәндер бойынша да, спорт бойынша да осыны қолға алу керек. Мысалы, математикадан да бізде олимпиадалар жалғыз оқушының жеңімпаз болуына  арналған. Ал шетелде 3-4 балаға есеп шығаруға береді. Мектепте 100 бала болса, біреуі ғана атын шығарады. Қалғаны жалпы стационарлық оқушылар сияқты болып қалады. Мен профориентолог реінде 12 жыл істеп келемін. 20 мемлекет бойынша бизнес және білім саласындағы мамандармен әңгімелестім. Шын мәнінде, жетістікке жеткен адамдар бір-бірін жамандамайды. Командалық жұмыс атқарады. Үкімет тек стратегиялық бағытты ұйымдастырады. Қалғанын командалық тұрғыда жүзеге асырады, - деді ол.

Зиябеков атағандай, қазір 10-20 жыл отырған ректорлар өз артынан ешкімді қалдырмады.

«Кейінгі жылдары рекорлардың ортасында әйелдер көбейді. Себебі осыған дейін ғылымға бөлінген қаржы аз болды. Буындардың арасында 20-30 жас алшақтық көрінеді. Қазір болып жатқан өзгерістер дұрыс деп ойлаймын. Университеттердің жатақханасын ретке келтіру керек деп ойлаймын. Ғылымға келу үшін алдымен жағдай жасау керек. Балалар тек ҰБТ-мен шектеліп қалмауы керек. Олимпиадалар мен байқауларды ұйымдастыруға болады. Одан орын алғандарды жоғары оқу орнына қабылдай беруге болатын еді. Бізде бәрібір ҰБТ тапсыруы керек болады», - дейді маман.

Ол атағандай, бүгінгі таңда  жаппай цифрландыру енгізіліп жатыр.

Балалардың барлығы техниканы қолдана біледі. Бірақ сауатсыздық басқа жақтан келіп жатыр. Кітап оқу, бірдеңені үйренуді адам өзі жүзеге асыруы керек. Бізде үнемі үйрену, оқу мәселесі жетіспейді. Бұл дағдыны тек университеттен ала аласың. Университетке білім алам деп бару артық. Бизнес бойынша оқысаң, 5-6 жыл бұрын жазылған кітаппен оқысаң, көп үйренбейсің. Медицина саласында 100 жыл бұрын шыққан кітаптармен оқуға болады. Сондықтан бұл да мамандыққа қатысты, - дейді ол.

Бақытнұр Зиябеков қазіргі көп оқушылар әлемдік «супергеройлар» туралы фильмдерді көретінін айтады.

Сол себепті мен әртүрлі сабақта сондай тетіктерді енгізуді жөн көремін. Кеңес үкіметі кезінде тек нәтижеге үйреніп қалғанбыз. Қазір нәтиже емес, процесс маңызды. Олимпиадаға қатысуда да бірінші орын алу керек болып тұратын еді. Қазір процеске, контентке қызықтыра алу керек. Қазақ аудиториясының барлығы неге прокупрор, полиция болып кетті. IT саласын таңдамады. Ал оларға қазір қазақ тілінде қызықты қылып сабақ түсіндіруді қолға алу керек. Кезінде оқушылар қай мұғалім ұнады сол пәнді таңдап, өзі қалаған мамандықтан адасқан еді. Біз қазір осындай дүниелерді қолға алып, жұмыс істемесек, қателіктеріміз 20 жылдан кейін шығады, - дейді ол.

Маманның айтуынша, қазір «кім көп жұмыс істесе, сол көп ақша табады» деген түсінік жаңсақ.

Біздің кезімізде кім көп жұмыс істейді, сол көп ақша табады деп ойлайтын. Қазіргі 20 жастағы балалар сезіммен, эмоциямен жұмыс істегісі келеді. Егер оны қаламаса, істегісі келмейді. Біз, яғни 80 жылдары туғандар көбіне агрессор боламыз. Күшке салып жібергіміз келеді. Ал қазіргі жастар басқаша. Оны түсіну керек, - деді ол.

Маман шетелде оқыған жастардың көзқарасы басқа болатынын да айтты.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша баласын оқуға жібергісі келмейтін ата-аналар «басқа ұлтқа тұрмысқа шығып кетеді», «балам басқаға үйленеді» деп ойлайды. Ол жақта не үйренеді, қандай жоба жасайды ол жағын ойламайды. Себебі өздері шетелге шықпаған. Сондықтан сондай әрекет жасайды. Балалар да сол ата-аналарынан үлгі алады. Мысалы, мен 100 НЗМ ашылғанын қалаймын. Ал мемлекет оған рұқсат бермейді, - дейді ол.

Зиябековтың пікірінше, Қазақстанда ақша табатын үш сала бар.

Ол: логистика, агросала және туризм. Осы үш саланы дамытсақ, жақсы қаржы табуға болады. Осы сала бойынша жыл сайын 500 адам оқытсақ ұтатын едік, - дейді ол.  

Кәсіптік бағдар беру-бұл қызметтің нақты бағытын анықтау мақсатында жүргізілетін болашақ мамандықпен танысу. Кәсіптік бағдар адамға дағдылар, хобби, құндылықтар мен мінез-құлық негізінде өзіне қызықты мамандық табуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болып отыр. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс» деп  айтқан болатын. Осыған орай, қазіргі уақытта кәсіптік бағдар беру және диагностика жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, еліміздегі мектептердің бірқатарына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы енгізілген. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр.

Өз кезегінде профориентолог Жадыра Тойбай өзінің мамандық таңдауға көмектесетінін айтады. 

Профолриентологқа мектеп бітіріп жатқан балалар, мектепте оқып жатқан оқушылар, оқуды бітіріп кеткен ересектер де жүгіне алады. Профориентологтің кәсіби біліктілігіне байланысты болады. Кейбіреуі тек жасөспірімдермен жұмыс істейді. Кейде ересектермен де жұмыс істей беретін профориентологтар болады. Негізі мамандық иелеріне кез келген жастағы адамдар жүгіне алады. Кәсіби бағдарлаушының қызметіне адамға табыс табатын, саласын таңдауға көмектеседі. Яғни, таңдап бермейді, тек жәрдемдеседі. Себебі кез келген адамның мықты қасиеттері бар. Сол қабілеттерге сай келетін мамандықтар тізбегін ұсынады. Оның психологиялық портретін анықтайды, темпераментін анықтайды. Қай сала алда қарқынды дамиды, қай саладан қанша табыс табуға болатынын айтады. Белгілі бір мамандық қайда оқытылады. Ол мамандықты оқыса, кім болып шығады. Оның мәртебесі мен табысы қанша болатынын болжайды, - дейді маман.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға