Жаңалықтар

Малға орнатылған чип ұрыларды анықтауға көмектесті

Малға орнатылған чип ұрыларды анықтауға көмектесті
Фото: Polisia.kz 18.06.2024 09:05 522

Абай облысында полицейлер екі адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Қалбатау – Семей тас жолында автокөліктерді тексеру барысында Жарма ауданы тұрғынының көлігі тоқтатылды. Ол ет тасымалдамақ болған. Малды цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға көмектесті.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген.

Мал ұрлығына жол бермеу үшін ІІМ қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады:

– малды қараусыз қалдырмаңыз;

– GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;

– малды чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта ұрланған малды іздеуге, сондай-ақ ықтимал дауларды шешуге көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға