Жаңалықтар

Максим Галкин Қазақстандағы концерті өтпейтінін айтты

Максим Галкин Қазақстандағы концерті өтпейтінін айтты
Фото: instagram.com/maxgalkinru 31.08.2023 09:41 2726

Ресейдің танымал пародисі Максим Галкин Қазақстандағы концерттеріне жасырын тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 

Ол әлеуметтік желіде Қазақстанды жақсы көретінін, бірақ концерттерін өткізуге белгісіз себептер барын жеткізді.

Мемлекеттік деңгейде менің Астана мен Алматыдағы концерттерімнің өтуіне кедергі келтіріп жатқандар. Басында бәрі керемет еді, билеттер сатылып жатқан. Ал кейін кейбір ойдан шығарылған себептер, сахна сыртындағы тыйымдар басталды. Соған қарағанда менің концерттерімді өткізуден қаймығатын сияқты, - дейді Максим Галкин.

Максим Галкин Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынап, жұбайы Алла Пугачева екеуі Кипрге кеткен. Былтыр қыркүйек айында Ресей Федерациясының әділет министрлігі оны шетелдік агент деп таныған.

Бұған дейін Галкиннің Эстония астанасы Таллиндегі концерті де өтпей қалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға