Жаңалықтар

Макрон Украинаның бітімге келуіне қарсы екенін айтты

Макрон Украинаның бітімге келуіне қарсы екенін айтты
Фото: Instagram/emmanuelmacron 06.03.2025 09:55 658

5 наурыз күні Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Макрон өз сөзінде Ресейді Франция мен Еуропаға төніп тұрған қауіп деп атады.

Ол Украинадағы бітімге қарсы екенін нақты жеткізді.

Бүгінде біз Ресейдің сөзіне сене алмаймыз. Украина бейбітшілік пен қауіпсіздікке құқылы және бұған біз де бұған мүдделіміз. Біз осы мақсатта британиялық және неміс достарымызбен, сонымен қатар Еуропаның өзге елдерімен жұмыс істеп жатырмыз, – деді ол.

Сонымен қатар Еуроодақ елдерін қорғау үшін Францияның ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі жайлы да сөз қозғады. Бұдан бөлек ол еуропалық әскерді Украинаға орнату туралы айтты.

Макронның сөзінше, келесі аптада Парижде тұрақты бейбітшілікке кепілдік беруге дайын елдердің штаб бастықтары бас қосады.

Франция бұл жоспарды Киевпен және басқа еуропалық серіктестермен бірге жасады, - деп қосты президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға