Жаңалықтар

Макрон Ресейге қатаң ескерту жасады

Макрон Ресейге қатаң ескерту жасады
Фото: instagram/emmanuelmacron 07.04.2025 12:41 268

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдарына байланысты Мәскеуге қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Ресейдің АҚШ пен Украинаның бейбітшілік орнатуға бағытталған ұсыныстарын елемей, бейбіт тұрғындар мен балаларды өлтіруді жалғастырып жатқанын айтты.

4 сәуір күні Ресей Кривой Рог қаласына шабуыл жасап, 20 адам қаза тапты. Олардың 9-ы — балалар. 74 адам жараланды. Ал 6 сәуірге қараған түні Киев пен басқа да қалаларға зымыран соққылары жасалды. Киевте бір адам қаза тауып, үшеуі жараланған.

Макрон Украина бұдан бір ай бұрын АҚШ ұсынған 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімді қабылдағанын еске салды. Бірақ Ресей бұл ұсынысқа құлақ аспай, шабуылдарын үдетіп жатыр.

Франция басшысы Ресейдің соғысты дереу тоқтатуы керек екенін айтты. Егер Мәскеу бейбіт ұсыныстарды қабылдамаса, халықаралық қауымдастық шешімді әрекетке көшуі тиіс деді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы Кривой Рогқа жасалған шабуылды соғыс қылмысы ретінде бағалауы мүмкін екенін мәлімдеді. Себебі шабуыл жасалған жерде әскери нысандар болмаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға