Жаңалықтар

Махамбеттің тегі!

Ел тарихына үңіле отырып, сонау қазақ даласында өткен шайқастарда ерлік көрсетіп, ел бірлігін сақтап қалған батыр қолбасшыларымыз жетерлік.
30.06.2014 03:57 13268

Ел тарихына үңіле отырып, сонау қазақ даласында өткен шайқастарда ерлік көрсетіп, ел бірлігін сақтап қалған батыр қолбасшыларымыз жетерлік. Солардың бірі - Махамбет Өтемісұлы. 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Нарын құмының Жанқұс жерінде дүниеге келген. 1836-38 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы ретінде мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі еді. Бүгінгі тарих қазынасы да Махамбеттің шежіресімен тұспаөтұс келіп отыр. Олай болса зерттеулерге көз салайық.

 Махамбеттің тегі!

Жайық –Беріштің Тумаш дейтін баласынан тарайтын Өмірзақтың «киімді баласы» атанған – Құлмәлі.

Құлмәліден –Шыбынтай, Өтеміс, Қобылабай

Шыбынтайдан –Тілес, Тілеміс, Байтілен, Байдәулет.

А) Тілестен – Ықылас, Иса, Уса, Есжан. Ықыластан – Майжан, Тасмағанбет,Мұханбет, Дәулетбай, Бисембай, Есболай, Бақтыгерей. Усадан – Меңдіғали, Мақұл, Исадан – Құмар, Мұқат, Сейіт. Есжаннан – Қареш.

Ә) Тілемістен – Айса, Сүйінәлі, Дүйсенбі, Жәмік, Жақып. Айсадан – Кереш, Сәлімгерей, Дәуіт, Шадияр. Керештен – Мәден , Далабай. Мәденнен – Өтеген, Кенжебай. Дүйсенбіден – Арон, Жөке, Ишекен, Нұртаза, Мұстафа, Мұқаш. Ароннан – Зақария, Қазмағанбет. Зақариядан – Қошан, Құмар.

Б) Байтіленнен – Дайыр, Жүсіп,Жаныш, Топаш.

В) Байдәулеттен – Досалы, Досмағанбет.

Өтеміс ұрпағы: Қожахмет, Ибраһим, Хасен, Махамбет, Бекмағанбет, Досымайыл, Әйіп, Сүлеймен, Тоқтамыс, Сымайыл.

Өтемістің бірінші әйелінен – Тоқтамыс.

Тоқтамыстан – Салық, бұдан – Сұлтануәли.

Екінші әйелінен – Бекмағанбет, Махамбет, Қожахмет.

Үшінші әйелінен – Сымайыл, Сүлеймен (екеуінен де тұқым жоқ)

Төртінші әйелінен – Ибраһим, Әйіп, Хасен, Досымайыл.

Қожахметтен – Муса, Мейірім, Әкім, Лұқпан.

Мусадан – Қарабала, Есенғазы, Жұмағазы, Қоқаш.

Мейірімнен – Мырзағали, Мерғали.

Әкімнен – Жолмырза, Бинәлі, Арық.

Лұқпаннан –Жұмат. Бұдан – Қари,Харес, Махмұт, Сары, Жәмихан, Нұрбай. Қаридан туған 3 қыз: Сәлима, Раушан, Хадиша.

Ибраһимнен – Сұлтануәйіс, Жансұлтан. Сұлтануәйістен – Құлқайыр, одан – Әмин, Қазиым.

Хасеннен – Әбіл, одан – Қадболла, Қабдырахман, Тауман.

Қабдолладан – Әжен, Ислам, Амангелді, Бағытжан.

Махамбеттен – Махмет, Нұрсұлтан. Ақын өзінің бір өлеңінде:

 

Жалғыз ұлым Махмет,

Бекетай құмның ішінде

Жалғыз бір қалған со да бар, - деген. Берқайыр Амашин «Махамбеттің бабалары мен ұрпақтары» деген зерттеу еңбегінде Махмет баланың үлкені. Ұлтуған бәйбішесінен туған, көтеріліс басталғанда жалғыз ұл еді, кейін ақынның осы әйелінен Нұрсұлтан туды дейді.

Нұрсұлтаннан – Сауғабай, одан  Мырзалы, Шәкір.

Бекмағанбеттен – Мәнше, Шапақ

Мәншеден – Сақып, одан – Еламан.

Досымайылдан – Есей, Дабыс. Есейден – Сағынғали.

Қобылабайдан – Әділ, Мақұл, Ахмет.

Әділден – Бисенғали, бұдан – Еркінғали, Дәулетқали, Айғали.

Мақұлдан – Тәубе, Боранбай.

Ахметтен – Серғазы, Сейтәлі, Есенәлі.

 

Махамбеттің екі әйелі: Ұлтуған мен Типан болғанын әр түрлі зерттеулерден білеміз. Ұлтуғаннан туған Махметті Типаннан туған деу қате. Себебі Махмет Нұрсұлтаннан үлкен. Махамбет 1845 жылы Шекара комиссиясына жазған арызында Нұрсұлтанды он жаста деп көрсеткен, демек ол 1835 жылы көтерілістен бұрын, Махамбет Нарында жүрген кезде туған бала. Сосын Махамбеттің бір қызы болған деседі, оны сары Алаша руынан Әлғазы, Қазыбай ауылы келін еткен. Сол қыздан туған Қаражан дейтін бала қалған көрінеді.

Біреулер Типанды, бұл Алаша Кенжеғараның қызы, Сарбөпе мен Сатайдың қарындасы, Махамбеттен жастау шағында қалды, сосын ол Шыбынтайдың Тілемісінің баласы Жәмілге тиді, одан Лұқпан дейтін бала туған деседі.

Жалпы Беріш тайпасының арғы-бергі тарихы туралы және бұл руға жататын небір ғұлама шешендер, билер, батырлар, ақындар жөнінде айтылар әңгіме-аңыздар, сырлы сөздер, әдеби зерттеулер мұнымен ғана шектелмеуге тиіс. Өсіп келе жатқан соңғы ұрпақтар бұл мәселемен келешекте де айналысар, өздерінің пікірлерін айта жатар деп сенеміз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға