Жаңалықтар

Махмұд Сабырханның кәсіпқой бокстағы қарсыласы анықталды

Махмұд Сабырханның кәсіпқой бокстағы қарсыласы анықталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 16.03.2025 09:17 166

5 сәуірде Астана қаласында өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан рингке шығады. Оның қарсыласы – филиппиндік Джей Фрэнсис Бурай (13-3-1, 3 КО). Бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бурай 28 жаста, кәсіби рингте 10 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін Махмұд Сабырхан денсаулық жағдайына байланысты Болгарияда өткен беделді «Странджа кубогынан» бас тартуға мәжбүр болған.

Еске сала кетейік, бұл кештің басты жекпе-жегі – Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен француз Анауэль Нгассамингенің (14-0, 9 КО) титулдық айқасы болмақ. Сонымен қатар, рингке Махмұдтың інісі, Қазақстан және Азия чемпионы Төрехан Сабырхан да шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға