Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында уақытынан бұрын жеңіске жетті

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
06.12.2024 16:03
517
Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында кем дегенде қола медальді иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы ширек финалда Шри-Ланка спортшысы Кумара Джанаятпен кездесті. Сабырхан екінші раундта-ақ жеңіске жетіп, жекпе-жек тоқтатылды.
Айта кетейік, осымен Махмұд Сабырхан қатарынан екі рет жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада насвай мен снюс сатқан дүкендерге айыппұл салынды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді