Жаңалықтар

Махачев-Волкановски реваншы нокаутпен аяқталды

Махачев-Волкановски реваншы нокаутпен аяқталды
Фото: instagram.com/islam_makhachev 22.10.2023 09:24 373

21 қазанда Абу-Дабиде UFC 294 турнирі аясында ресейлік файтер Ислам Махачев пен австралиялық Александр Волкановски арасында жеңіл салмақтағы чемпион белбеу бәске тігілген реванш кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек Махачевтің бірінші раундта нокаутпен жеңісімен аяқталды. Махачев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Еске салайық, Махачев пен Волкановскидің 2023 жылдың ақпан айында UFC 284 турнирінде өткен бірінші кездесуі төрешілер шешіммен Исламның жеңісімен аяқталған болатын.

31 жастағы Махачевтің еншісінде 25 жеңіс пен бір жеңіліс бар. 35 жастағы Волкановскийдің еншісінде 26 жеңіс және үш жеңіліс бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға