Жаңалықтар

Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі атанды

Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі атанды
Фото: Ақорда 13.02.2025 09:03 174

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Ал бұған дейін осы қызметті атқарып келген Болат Ақшолақов лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға