Жаңалықтар

Мағжан Шамшадин Душанбедегі Grand Slam турнирінің финалына шықты

Мағжан Шамшадин Душанбедегі Grand Slam турнирінің финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК 03.05.2024 16:52 659

Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, 60 келі салмақта сынға түскен Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. 11 минутқа созылған қосымша уақытта қарсылас спортшы үш ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді. 

Финалда Мағжан Шамшадин Тәжікстан құрамасының өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен алтын үшін күреседі. Куватов жартылай финалда жапондық балуанды таза жеңген болатын.

Бүгін татамиге шыққан тағы да үш спортшымыз жарысты жүлдесіз аяқтап отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға