Жаңалықтар

Магомед Адиев: Жанкүйерлеріміздің көз алдында есімізді жию қажет

Магомед Адиев: Жанкүйерлеріміздің көз алдында есімізді жию қажет
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 26.03.2024 09:36 921

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Люксембург құрамасымен өтетін ойын туралы айтып берді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

– Грекиядағы жеңілістен кейін команданың көңіл күйі қалай?

– Әрине, көңіл жабырқаулы. Қазақстан тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатына баруға мүмкіндік алды. Әлі де ойымыздан кете қойған жоқ, өкініп отырмыз. Дегенмен, өткенді ұмыту керек. Жанкүйерлеріміздің көз алдында есімізді жию қажет.

– Алдағы ойында Игорь Шацкийдің орнына басқа қақпашы шыға ма?

– Қақпашылар бапкерімен сөйлестім. Шацкийді ауыстырамыз деп сұрадым. Бірақ ол Грекиядан бес гол жібергеннен кейін еңсесін түсірмеген. Психологиялық тұрғыдан қалыпты. Сондықтан алғашқы минуттан Люксембургпен матчта Игорь өзі шығады.

– Енді матчта ротация көреміз бе?

– Ротация болады. Жаңа ойыншыларды байқап көреміз. Болашаққа қарау керек. Грекиямен кездесумен салыстырғанда өзгерістер жасаймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға