Жаңалықтар

Magnum-ға қатысты дау: курьер мен тапсырыс беруші татуласты

Magnum-ға қатысты дау: курьер мен тапсырыс беруші татуласты
Фото: facebook.com/mukan.shynggys 10.04.2025 13:01 837

Magnum дүкендер желісінің курьері мен шағымданушы арасындағы дауға нүкте қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Cебебі Асылхан есімді тапсырыс беруші мен Еркін есімді курьер бір-бірімен кездесіп, бір-бірінен кешірім сұраған.  

Соңғы күндері әлеуметтік желіде маған және Magnum-ға қатысты әңгіме болып жатыр. Соны түсіндіріп кетсем деймін. Алдымен баршаңызға қолдау үшін рақмет айтамын. Өмір болған соң кейін түсінбестік болып тұрады. Бірақ бәріміз қазақпыз ғой. Елімізге тыныштық пен татулық керек. Біз кездесіп, татуласып, қол алыстық, - деді Еркін.

Ол аталған дүкендер желісінде жұмысын жалғастырып жатқанын алға тартты.

Бәрі жақсы, жұмыс берушіге ешқандай шағым жоқ. Осымен мәселеге нүкте қойып, тоқтасақ деймін. Бәріміз бір қазақпыз. Үлкен рақмет, - деп қосты Еркін.

Асылхан да қателігін түсінгенін алға тартты.

Қадірлі ағайын! Мұндай жағдайдың болғаны өкінішті. Қатемізді түсіндік. Ал екеуіміздің бір-бірімізге ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ. Баршыңызға рақмет, - деп айтты ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға