Жаңалықтар

Магнитудасы - 4.4: Алматыдан 465 шақырым жерде тағы жер сілкінді

Магнитудасы - 4.4: Алматыдан 465 шақырым жерде тағы жер сілкінді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 14.03.2024 01:00 1142

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 13  наурыз күні Алматы уақыты бойынша 23 сағат 11  минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – MPV 4.4. Жер сілкінісі 15 шақырым тереңдікте болған.

MSK-64 шкаласы бойынша жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға