Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады
![Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады](/storage/storage/element/2023/06/06/mainphoto/53461/1200xauto_TmNUiPx4duxA4BgTfod3Ohb2aTR1eo77HDxRkWxo.jpg)
Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсетін талапкерлерге кешенді тестілеудің форматын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.
Ғылыми-педагогикалық магистратура
Оқу мерзімі - 2 жыл.
Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150.
Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағат 55 минут).
Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
- Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;
- Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.
Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 75.
Бейінді магистратура
Оқу мерзімі - 1-1,5 жыл.
Тест тапсырмаларының саны – 80, жалпы балл – 100.
Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағат 40 минут).
Кешенді тестілеу 2 бөлімнен тұрады:
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;
- Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.
Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 50.
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)