Жаңалықтар

Магистратура емтиханында 61 адамның нәтижесі жойылды

Кешенді тестілеу 20 шілдеде басталды және 10 тамызға дейін жалғасады
Магистратура емтиханында 61 адамның нәтижесі жойылды
Фото: ruh.kz 27.07.2022 14:30 2218

Қазіргі таңда магистратураға түсуге арналған тестілеуді 20 мыңға жуық талапкер тапсырды. Шекті балды оқуға түсушілердің 50%-ға жуығы жинады. Орташа көрсеткіш – 74 балл, бұл өткен жылғы нәтижеден 6 балға жоғары, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 46 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 мыңға көп. Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 20 шілдеде басталды және 10 тамызға дейін жалғасады.

Тестілеуге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 10 маусым мен 15 шілде аралығында ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізілген болатын.

Тестілеудің бірінші аптасында 89 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

КТ кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 61 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

Ұлттық бірыңға тестілеуге кіргізу секілді, КТ-ға кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.

Қабылданған іс-шаралар арқасында тестілеуге кіргізу кезінде 4 бөгде тұлға анықталды.

Яғни, қатысушылар өздерінің орнына басқа адамды жіберіп, тестілеуден өтпек болған. Тиісті шаралар қабылданды.

- Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді өткізудің бірінші аптасы аяқталды. Болашақ магистранттарды тестілеу ережелерін сақтап, академиялық адалдық қағидаларын ұстануға шақырамын. Face ID сәйкестендіру жүйесінің көмегімен біз басқа адамдар үшін тестілеуді тапсыруға тырысқан 4 бөгде тұлғаны анықтадық. Сонымен қатар постпрокторинг қорытындысы бойынша біз 3 адамның нәтижесін жойдық. Олар емтихан материалдарын суретке түсіріп, аудиториядан алып шығуға тырысқан, – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры атап өткендей, бөгде тұлғалар туралы ақпарат өкілетті органдарға берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға