Жаңалықтар

Магистратура тестінде ереже бұзған 328 адамның нәтижесі жойылды

Республика бойынша 43 мыңнан астам адам компьютерлік тест тапсырған
Магистратура тестінде ереже бұзған 328 адамның нәтижесі жойылды
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев 11.08.2022 12:49 1038

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Орталық мәліметіне сәйкес, республика бойынша 43 мыңнан астам адам компьютерлік тест тапсырған. Олардың 42 пайызы шекті балл жинаған. Магистратураға түсуге ниетті азаматтардың жалпы орташа көрсеткіші – 71 балл. Ең жоғары 140 ұпайды тек бір қатысушы ғана жинапты.

«Тест тапсыру барысында ереже бұзғаны үшін 328 адамның нәтижелері жойылды. Атап айтқанда, тыйым салынған заттарды кіргізген 176 талапкер емтиханнан шеттетілді. Тестілеу кезінде ереже бұзып, 148 азамат аудиториядан шығарылды. Бейнекамералардағы жазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды. Сонымен қатар емтиханға кіргізу кезінде адамның түр-әлпетін танитын FACE-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды», деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы өзінің Тelegram арнасында.

Биыл өз нәтижесімен келіспеген 20 мыңнан астам адам апелляцияға өтініш берген. Осыған сай 121 тест тапсырушының қорытындысы оң шешімін тапты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға