Жаңалықтар

«Маған ақыл айтып жүр». Алтынай Жорабаева күйеуі бала қарауды үйретіп жүргенін айтты

«Маған ақыл айтып жүр». Алтынай Жорабаева күйеуі бала қарауды үйретіп жүргенін айтты
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva 10.01.2024 12:21 4012

Жақында көпшіліктің сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева бесінші рет ана атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі Instagram парақшасында бесінші қызының әкесі Әлішердің бала қарауды үйретіп жүргені туралы айтып берді.

Маған абайлап көтер, абайлап жатқыз деп ақыл айтып жүр. Негізі бұның алдында төртеу туғанымда, бұл өзінің тұңғышы екенінде дым шаруасы жоқ. Әлі талай қызық болайын деп тұрған сияқты. Қазір кеше ғана тұрмысқа шығып, психолог болып кеткендер бар ғой. Отбасылық өмірге енді қадам басса да, отбасы, бала тәрбиесі туралы сабақ өткізіп жүреді. Солай болайын деп тұрған секілді бізде, - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, әншінің босанғаны туралы сүйінші хабарды Айнұр Тұрсынбаева жеткізген еді. Өнерлі отбасы бесінші қыздың есімін Әмина деп қойған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға