Мамандар «МАЭК»-тегі энергоблогтың тоқтау себептерін жою үшін жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атқарушы органдардың өкілдері өңір тұрғындарын жедел және үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстары процесінінің бағытын бақылауда ұстайды.
Жөндеу жұмыстары ЖЭС және №1, №3 энергоблоктарында жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Кернеу» ЖШС тәулік бойы жаңа оқшаулау қабатын қалпына келтірумен айналысуда. MAЭК мамандары ротордың оқшаулау кедергісін өлшеп, содан кейін жабдықты кері жинау жұмысын жүргізеді. Оқшаулау сәтті жүзеге асқан соң, №3 энергоблок генераторының щетка-түйіспелі аппараты орнатылатын болады.
№1 энергияблогынының оң жақ тұзды бөлігінде экрандық құбырлары орнатылған және қазіргі қалған экрандық құбырларға кірістірулер дәнекерленген. Барлық монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін дәнекерленген буындардың металына тексеріс жүргізу жоспарлануда, содан кейін гидравликалық сынақтар жүргізілетін болады.
Қазіргі уақытта ЖЭС агрегациясынан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы сәтте № 1 агрегаттан кейін оң жақ тұзды бөлік бойынша құбырлар ауыстырылуда. Жөндеу зауытында жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде, - деді ЖЭС ауысым бастығы Сәкен Заманов.
Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда 142 МВт жүктемесі бар №3 ЖЭС-те энергия блогы өшкен болатын.
Айта кетейік, Маңғыстаудағы МАЭК-те болған апаттан кейін үш облыста жарық мәселесі туындады. Апаттан кейін бірқатар елді мекенде электр энергиясын «тиімді» ажырату әдісі қолданылды.
МАЭК-тегі апатқа байланысты жыл соңына дейін мұнай өндіру көлемі төмендеуі мүмкін.