Жаңалықтар

МАЭК-ке қатысты күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылға ауыстырылды

МАЭК-ке қатысты күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылға ауыстырылды
Фото: t.me/KZgovernment 19.09.2023 11:30 1046

Премьер-министр Әлихан Смайылов МАЭК-ке №3 энергоблокты жоспарланған күрделі жөндеу 2024 жылға ауыстырылғанын және №2 энергоблокты авариялық жөндеу жүргізілуде екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен аптада мен Маңғыстау облысында болып, МАЭК-те жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарының аяқталуын және энергия кешені жұмысының тұрақтылығын ерекше бақылауда ұстауы керек. Өңірлерде тиісті бақылауды жылу желілерін реконструкциялауды қамтамасыз ету қажет. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында, Шымкент қаласында жылу желілері бойынша жұмыстардың шамамен 70%-ы орындалды, – деді премьер-министр.

Сондай-ақ Абай, Атырау облыстарында және елордада бірқатар әлеуметтік нысанды дайындау жұмыстары аяқталмаған. Үкімет басшысы бұл жұмысты тездету керектігін айтты.

Бүгінгі таңда өңірлерде жоспарлы көрсеткіштердің 28% ғана көмір жинақталған. Өңірлердің коммуналдық кәсіпорындар мен тұрғындар үшін мазут пен көмір сатып алуын едәуір жандандыру қажет. Көлік министрлігі ҚТЖ-мен бірлесіп көмірді вагондармен тасымалдауды басым тәртіппен қамтамасыз етуі тиіс. Жоғарыда аталған барлық мәселені екі апта мерзімде шешу қажет. Роман Васильевич, бұл сұрақтарды үнемі бақылауда ұстаңыз, – деді Үкімет отырысында Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға