Жаңалықтар

Мадридте қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына арналған конференция өтті

Мадридте қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына арналған конференция өтті
Фото: ҚР СІМ 26.10.2023 23:40 1116

Республика күніне орай Испанияның жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі – СЕУ Сан-Пабло университетінде «Қазақстанның құрылуы: ұлттан мемлекетке» атты конференция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шарада Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаев, СЕУ
Сан-Пабло университетінің профессорлары Антонио Алонсо және Хосе Луйс Орея сөз сөйледі.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды сәттерге тоқталды. Атап айтқанда, қазақ халқының егеменді ел құру жолында сан ғасырлық күрес жүргізгені туралы егжей-тегжей айтылды.

Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру жолында күрескен негізгі тұлғалардың, оның ішінде Ұлы қазақ хандарының, «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының және басқа да тарихи тұлғалардың рөлі ерекше атап өтілді.

Іс-шараның көптеген қатысушылары өздеріне Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, оның ішінде адамзат тарихындағы қазіргі Қазақстан аумағында жылқыларды алғаш қолға үйрету және көшпенділердің бай мәдени мұрасы туралы қызықты фактілерді ашты.

Сондай-ақ Д. Мұсаев қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қатынастардағы сенімді серіктес, Орталық Азияның жетекші экономикасы, сонымен қатар бейбітшілік бесігі, келісім мен тұрақтылық мекені екенін баса айтты.

Өз кезегінде А. Алонсо мен Х. Орейя Елшінің сөзін Қазақстан Республикасы аумағындағы әртүрлі басқару нысандарының пайда болуына қатысты басқа да маңызды академиялық деректермен толықтырды.

Конференция соңында қатысушылар арасында пікір алмасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға