Мадрид турнирі: бүгін екі қазақстандық теннисші жартылай финал жолдамасын сарапқа салады

Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік байқасты.
Қос теннисші бұған дейін өзара бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген еді.
Бұл жолы Путинцева ойынды тамаша бастап, 3:0 есебімен алға шыққанымен, сосын алты геймді қарсыласына беріп қойды – 6:3.
Есесіне екінші сетте есе қайырды – 6:2.
Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте аса тартысты геймде Юлия брейк жасай алды. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, отандасы Елена Рыбакинамен сынға түседі. Кездесу бүгін, 1 мамыр күні өтеді.
