Жаңалықтар

Мадина Сәдуақасова бойының қанша екенін айтты

Мадина Сәдуақасова бойының қанша екенін айтты
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina 28.11.2023 16:21 12148

44 жастағы әнші Мадина Сәдуақасова Instagram-да оқырмандарының сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқырманының бірі үнемі биік өкше киіп жүретін әншіден бойы қанша екенін сұраған. Өнер иесі қай кезде де биік өкшемен жүретінін байқау қиын емес.

Әнші өзінің әріптесі Жігер Аупбаевпен түскен суретін салып, «159 см» деп қысқа қайыра жауап берген.

Мадина Сәдуақасова бойының қанша екенін айтты

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Сәдуақасова ашуға ерік беріп, хейтерлеріне үндеу жасаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға