Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады
![Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады](/storage/storage/element/2023/04/22/mainphoto/46936/1200xauto_SjFcsgzS2qVnl7AGSuOUTHEZBnem6rnYBYV9cpKh.jpg)
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» сарайында спорт мектеп-интернат-колледждер арасындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының 2-иегері анықталады.
Бас жүлдені былтырғы жеңімпаз Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж (Астана) бен Жақсылық Үшкемпіров атындағы Олимпиада резервінің облыстық мектеп-интернат-колледжі (Жетісу) сарапқа салады.
Ал қола жүлдегер Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернаты (Түркістан облысы) мен Жамбыл облысының мектеп-интернат-колледж арасындағы тартысты белгілі болады.
Биыл да Кубоктың жалпы жүлде қоры – 10 миллион теңге. Жеңімпаз 5 миллионға ие болса, 2-орынға үш, қола медаль алған командаға 2 миллион беріледі.
Барлығы 17 спорт оқу ордасы қатысып жатыр. Олар дзюдо, бокс, таеквондо, грек-рим және еркін күрестен сынға түседі. Таеквондо биыл бағдарламаға бірінші рет қосылды. Биыл 2007-2008 жылдары дүниеге келген шәкірттер бақ сынады.
Еске сала кетейік, 14 - 22 сәуір аралығында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында мектеп-интернат-колледждер арасындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Кубогы өтті.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)