Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі құрылды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесі құрылды
Фото: © Pixabay.com 10.11.2023 00:22 919

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Айдарбеков Айдиенің төрағалығымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесін құрды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық кеңестің құрамы толығымен азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады, олардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері бар. Оның құрамына 21 адам кірді.

Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес Қоғамдық кеңес құрамына кандидаттардың резервтік тізімі де құрылды.

Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Қоғамдық кеңестің міндеттері шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық кеңестің құрамы мен резервтік тізіммен мына жерден танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға