Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
21.10.2024 15:55
428
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің қабылдауына барлығы алты адам жүгінді. Белгіленген тәртіпте қоғамдық кеңестер жұмысы, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттің өзара әрекеттестігі, мәдениет және өнер, шығармашылық даму және ынтымақтастық мәселелері бойынша сұрақтар мен ұсыныстар қаралды.
Аида Балаева барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап берді. Сондай-ақ ұсыныстар мұқият зерттеліп, назарға алынатынын айтты. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Еске салайық, министрдің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада шенеунікке 260 мың теңгеге жуық айыппұл салынды