Жаңалықтар

Мәдениет саласы бойынша 120-дан аса ұсыныс түсті - министр

Мәдениет саласы бойынша 120-дан аса ұсыныс түсті - министр
Фото: El.kz/Диана Орынбасар 13.03.2025 17:25 497

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлттық құрылтайдың жұмысы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұсыныстар әлеуметтік-экономикалық даму мен жас ұрпақты тәрбиелеу сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Бала тәрбиесі, кітап саласының дамуы, өнер саласының дамуы - барлығы қоғамның дамуына ықпалын тигізеді, - деді Балаева.

Министрдің айтуынша, құрылтайдың 100-ден астам мүшесі қатысып, талқылаулар барысында 120-дан аса ұсыныс түскен. 

Енгізілген ұсыныстар қоғамның түрлі салаларының дамуына тікелей әсер ететін мәселелерді қамтиды. Бұл білім беру, ғылым, әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі сұрақтар. Оның барлығын тіркедік. Енді зерделеніп, жүзеге асырылу жолдары қарастырылады. Басты мақсат - қоғамдағы мәселелерді талқылап қана қоймай, қоғамдағы әсері мен ықпалы, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға