Жаңалықтар

Маңғыстаулықтар «Алғыс айту» күнін атап өтті

Маңғыстаулықтар «Алғыс айту» күнін атап өтті
03.03.2018 03:59 2053

 

Бүгін Ақтау қаласының Абай атындағы «Мәдени демалыс кешенінде» «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты – қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюы, бір-біріне құрмет пен сыйластықтың артуы.

Іс-шараны Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырды. Оған Маңғыстау облысының әкімі  Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, мәслихат депутаттары, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, этномәдени бірлестік өкілдері, ҰОС ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, білім саласының мамандары мен денсаулық сақтау саласының мамандары, жеке кәсіпкерлер, меценаттар мен донорлар, МО ҚХА жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымы, үкіметтік емес ұйым мүшелері, Маңғыстау облысының құрметті азаматтары және қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында МО әкімі жиналған қауымды мерекемен құттықтап, сөз алды: «Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. «Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз».

Сонымен қатар, Жомарт жүрек атты «АСАР» қайрымдылық акциясы аясында үлкен жүрек тақтасы дайндалып, облыстағы сәбилер үйі, облыстық балалар ауылы, облыстық мамандандырылған балалар үйі, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі, туберкулезге қарсы диспансер ауруханасы, аналар үйлерінің мұқтаж жандары дайындалған жомарт жүрек тақтасына (үлкен қария аталарымыз бен әжелеріміз, жетім, жартылай жетім балалар, мүгедек және мүжәлсіз отбасылар, науқас сәбилер) өздерінің арман тілектерін арнап ілген болатын. Осы қайырымдлыққа мұқтаж жандардың арман тілектерін орындау мақсатында облысымздағы қайырымды жандар соның ішінде, «Ана мен бала» ҚҚ, «BS Строй» Ақтау ЖШС, Жас қанат жастар ұйымы, «Алтын құрық» ЖШС мекемесі, «Идальго Ақтау» ЖШС мекемелері өз көмектерін аямай қолдау көрсетті.   

Мерекелік концертте жас өнерпаздар мен әртістер әндер айтып, билер орындады. Олар барлық сала қызметкерлерін, ардагелерді, меценаттар мен қайырымгерлерді, ұйым өкілдері мен қоғам қайраткерлеріне алғыс айтып, бастарын иді.

Бүгінгі концертке сатылған билеттерден түскен қаражат қайырымды іске бағытталады, оны көмекке зәру және өте мұқтаж адамдар алады.  

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға