Жаңалықтар

Маңғыстаулық тұрғыннан киік мүйіздері тәркіленді

Жеке үйді тінту кезінде 198 дана киіктің мүйізі тәркіленді
Маңғыстаулық тұрғыннан киік мүйіздері тәркіленді
Фото: Polisia.kz 24.08.2022 13:48 875

Маңғыстаулық тұрғыннан киік мүйіздері тәркіленді, – деп хабарлайды  El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 тамызда Бейнеу ауылында жедел-профилактикалық іс-шара барысында киік дериваттарының заңсыз айналымына күдік бойынша жергілікті тұрғын ұсталды. 

Жеке үйді тінту кезінде 198 дана киіктің мүйізі тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Еске сала кетейік, заңнамаға сәйкес киіктерді заңсыз аулағаны, иемденгені, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға