Жаңалықтар

Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істейтін ұстаздар азаймай тұр

Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш (76 575 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істейтін ұстаздар азаймай тұр
Фото: ашық дереккөзден 29.09.2022 07:36 2488

Маңғыстау облысының прокурорлары мектептерде жалған диплом пайдаланудың 9 дерегін анықтады, деп хабарлады EL.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, Аққұдыс орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен ұсталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (жалған құжат пайдалану) жауапқа тартылды, - деп атап өтті прокуратура қызметкерлері.

Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш (76 575 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Осыған ұқсас фактілер Ақтау қаласында 2 мектепте (қазақ тілі және қазақ әдебиеті), Жаңаөзен де 3 мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданының 2 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі), Бейнеу ауданының 1 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі) анықталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға